Мексикалық отбасы ұлының есімін Головкиннің құрметіне қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық отбасы ұлының есімін Головкиннің құрметіне қойды © Тұрар Қазанғапов

Мексикалық отбасы бірінші ұлына орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің есімін берген, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық отбасы бірінші ұлына орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің есімін берген, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас жұп Лос-Анджелесте өткен Головкин мен Ванес Мартиросянның финалдық баспасөз конференциясына келді. Осы шара аяқталған уақытта, баланың ата-анасы Головкиннің ұлдарымен суретке түсуін сұраған, чемпион қарсылық білдірмеген. 

Айта кетейік, Головкин Мексикадағы бокс фанаттары арасында кеңінен танымал. GGG талай мәрте мексикалық тағамды жақсы көретінін және мексикалық стильде жұдырықтасқан үнайтынын айтқан. 


© vk.com/ggolovkin

Осы шарада Головкин Бүкіләлемдік бокс федерациясынан арнайы сыйлық алды. IBF белбеуін үш рет сәтті қорғағаны үшін оған чемпионның сақинасы берілді. Алайда IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. 

Головкин - Мартиросян жекпе-жек 5 мамырда Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети