WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге жекпе-жек өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі уақытта Головкиннің командасы IBF өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Ұйымдағылар осыған дейін қазақстандық боксшыны америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтастырмай қойған еді.
"GGG, сен IBF титулыңды сақтап қалғың келіп отыр. Біз бірге жекпе-жек өткізе аламыз. Мен де IBF титулын сақтап қалғым келеді. Мен дайынмын", - деп жазды Сондерс Головкинге Twitter желісіндегі парақшасында.
Осыған дейін Сондерстің промоутері Головкинге абсолют әлем чемпионы атағын алу үшін тамаша ұсыныс дайындап жатқанын мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Сондерс рингке Лондондағы О2 аренасына 23 маусымда оралады деп жоспарланып отыр, оның қарсыласы - ұлыбританиялық Мартин Мюррей.