Мен Головкинді бір көргеннен ұнатып қалдым - Ларри Мерчант

10 Ақпан 2017, 17:05
0
Мен Головкинді бір көргеннен ұнатып қалдым - Ларри Мерчант - © worldboxingnews.co.uk
© worldboxingnews.co.uk

Белгілі бокс сарапшысы Ларри Мерчант WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді  (36-0, 33 КО) бүгінгі таңда үздік боксшы деп атады, - деп хабарлайды allfight.ru басылымы. Оның айтуынша, орта салмақтағы боксшылар Головкин сияқты жұдырықтасу керек.

"Головкин "Канеломен" өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіссе, оған әрі қарай беделін артттыру үшін жұмыс істеу керек болады. Головкин жеңіске жетсе, өз деңгейін көтеріп, ауыр салмақтағы боксшылармен жұдырықтаса алады. Мен Головкинді бір көргеннен жақсы көріп қалдым. Оның жекпе-жегінің алғашқы 30 секундын көріп, "Вау! Бұл кім?" дедім. Міне, орта салмақтағы жігіттер осылай жұдырықтасу керек, - деді Мерчант. - Меніңше, ол үздік боксшы (cалмақ дәрежесіне қарамастан - автор..). Мен бұл рейтингте сарапшы емеспін, бірақ ол мен үшін үздік боксшы саналады. Боксқа деген қызығушылығың болса, сен Головкиннің жекпе-жектерін көруің қажет", - деді сарапшы.

Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай