"Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді - Қанат Ислам Қанат Ислам. © worldboxingnews.com

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам алға қойған мақсаттары мен жұдырықтасқысы келетін қарсыластардың есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам алға қойған мақсаттары мен жұдырықтасқысы келетін қарсыластардың есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен тек мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Бокспен айналысқаныма 25 жыл болды. Олимпиада ойындарына екі рет қатыстым, қола медаль алып, әуесқой деңгейдегі әлем чемпионатына да қатыстым. Бірақ енді мен жас боксшы емеспін. Әлем чемпионы титулы үшін күресуге дайын болу үшін кәсіпқой бокстағы бес жыл жеткілікті болды", - деді Қанат Ислам Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Боксшының айтуынша, ол қазір алға қойған мақсаттарына жету үшін бар күшін салып жатыр. "Мен "Канелоны", Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елінің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында менің әлем чемпионы титулына таласқан жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын", - деді Қанат Ислам.

Осыған дейін қазақстандық боксшы осыған дейін келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 18 ақпанда АҚШ-та өткізген еді. Қазақстандық боксшы WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети