ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2019 | 18:14
"Мен - қазақпын". Головкин отандастарына алғыс айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода спортшы Жұбан Молдағалиевтің "Мен - қазақпын " атты белгілі поэмасынан үзінді оқиды.
Боксшы роликті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Отандастарыма қолдау көрсеткендері үшін рақмет! Мен өзінімнің қайдан шыққанымды ешқашан ұмытпаймын", - деп жазған Головкин.
Геннадий Головкин және онымен бірге балалар мен спортшы, ғалым, әскери адам, ғарышкерлер оқыған поэмадан үзінді келтіреміз.
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Показать комментарии
Читайте также