07 қазан 2019 09:14

"Мен осы жекпе-жекте жеңгенімді сеземін". Деревянченко Головкинмен жекпе-жек жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко орта салмақта IBF және IBO титулдары үшін айқаста қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңіліп қалғаны туралы пікір білдірді. Деревянченконың айтуынша, ол осы кездесуде жеңіске лайықты болған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен осы жекпе-жекте жеңгенімді сеземін. Оы бүкіл Madison Square Garden көрді. Кеше бір қызық дүние болды өзі. Мені қолдап жүргендерге алғысым шексіз", - деп жазды Деревянченко Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берген (114-113, 115-112, 115-112).

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы украиналыққа реванш беруге дайын екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети