Мен өзімді екінші Майк Тайсон санамаймын - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен өзімді екінші Майк Тайсон санамаймын - Головкин Геннадий Головкин мен Майк Тайсон. © Сyberboxingzone.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин өзін екінші Майк Тайсон деп есептемейтінін айтты, - деп хабарлайды Fighthype.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин өзін екінші Майк Тайсон деп есептемейтінін айтты, - деп хабарлайды Fighthype.com.

"Мен өзімді екінші Майк Тайсонмын деп есептемеймін. Мен GGG, Геннадий Головкинмін", - деді қазақстандық боксшы. Сонымен қатар, ол IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы Келл Брукпен аралық салмақ дәрежесінде өткізілуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

"Менің ойымша, Брук тым кішкентай. Мен орта дивизионда өнер көрсетемін. Келл Брук және басқалары трэш-токингпен айналысады. Егер Сауль Альварес дайын болса, мен онымен кездескім келеді. Себебі, ол - орта салмақта әлем чемпионы. Менің бар мақсатым орта салмақтағы барлық белбеуді иелену", - деді Головкин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети