Мені Головкиннің күшімен қорқыту мүмкін емес, оны соққыға жығамын - Кіші Юбенк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мені Головкиннің күшімен қорқыту мүмкін емес, оны соққыға жығамын - Кіші Юбенк

Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) тағы да қарсы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ол болашақта Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондай-ақ, ұлыбританиялық боксшы осы жекпе-жекте неліктен жеңіске жететініне сенімді екенін айтып берді.

"Мен Головкинді ұрып-соға алатынымды білемін. Ол тек жұдырықтың күшімен әрекет ете алады. Мен мансап жолымда ауыр салмақтағы боксшылармен спарринг өткіздім, мықты боксшылармен жұдырықтастым. Головкин осылай ешкіммен де жекпе-жек өткізген жоқ. Мені оның күшімен қорқыту мүмкін емес", - деді ұлыбританиялық боксшы.

Сондай-ақ, кіші Юбенк Головкиннің соққыларды өткізіп алатынын айтты. "Меніңше, бокста ең маңыздысы - соққыға алу және өзінді ұруға жол бермеу. Бұл менің философиям", - деді боксшы FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети