WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлыбританиялық Карл Фроч пен Крис Юбенктің онымен жекпе-жекке шығудан бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап.

"Менде барлығы дұрыс. Менімен жұдырықтасудан бас тартып отырған тек Карл Фроч пен Крис Юбенк емес қой. Әуесқой бокста мен Лучиана Бутемен, Диррелламен жұдырықтастым. Содан кәсіпқой боксқа ауыстым. Онда менімен екі жыл уақыттай ешкімнің жекпе-жек өткізгісі келмеді. Неміс чемпионы Феликс Штурм болса, былай деген еді: "Жоқ, менің сенімен жекпе-жек өткізгім келмейді". Дэниэл Гил да, Котто да, "Канело" да менімен жұдырықтасқысы келмейді", - деді Головкин басылымға берген сұхбатында.
"Ең қызығы, боксшылардың ешқайсысы менімен жекпе-жекке шыққысы келмейді. Олар сөзбен ғана шығады. Бұл маған жаңалық емес. Олар күлкілі көрінеді. Барлығы: "Иә, менің жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ келесі жолы. Мүмкін, бес жылдан соң", - деді қазақстандық боксшы.
Еске салайық, осыған дейін Головкин Фрочпен Англияда жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізген болатын. Алайда ұлыбританиялық боксшы кенеттен мансабын аяқтауы жайлы мәлімдеме жасаған соң, жекпе-жек өткізілмейтін болды.