26 ақпан 2017 | 15:16

Мэнни Пакьяо Амир Ханмен жекпе-жекке шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fighter.kz © fighter.kz

Жартылай орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо ұлыбританиялық Амир Ханмен жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. Ол осындай хабарландыруды Twitter желісіндегі өзінің парақшасында жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Жартылай орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо ұлыбританиялық Амир Ханмен жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. Ол осындай хабарландыруды Twitter желісіндегі өзінің парақшасында жариялады.

Жекпе-жек 23 сәуірде болады, бірақ қай жерде өтетіні туралы айтылмаған. Осыған дейін, Пакьяо әлеуметтік желіде келесі жекпе-жегін БАӘ-де өткізуді жоспарлап отырғанын жазған, сонымен қатар ол өз жанкүйерлерінен мына спортшылардың қайсысын ұсынатынын сұраған: ұлыбританиялық Амир Хан және Келл Брук, австралиялық Джефф Хорн және америкалық Теренс Кроуфорд. Дауыс беру нәтижесі бойынша, (48 пайыз иеленіп) Хан мен шығатын болған.

"Пакьяо және Хан командалары келіссөздер жүргізіп, жанкүйерлердің сұранысы бойынша 23 сәуірде жекпе-жек өткізеді", - деді Пакьяо. 

Еске салайық, 2016 жылы спортқа қайта келгенін жариялаған Пакьяо қараша айының басында Джесси Варгасты жеңген болатын. Филиппин боксшысы 59 жекпе-жекте жеңіске жеткен (38 нокаут), алты рет жеңіліс тапқан және екі рет тең түскен. Амир Хан 31 кездесуді жеңіспен аяқтап (19 нокаут), төртеуінде есе жіберген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети