07 қыркүйек 2017 | 15:16

Мэнни Пакьяо Головкин - Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңіске жететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  xsport.ua © xsport.ua

Әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекте кімнің жеңімпаз болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды  Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекте кімнің жеңімпаз болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

"Канело" өте мықты әрі талантты боксшы, бірақ,менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді", - деді Пакьяо. 

Осыған дейін Хулио Сезар Чавес Головкин - Альварес жекпе-жегінде кімнің жеңіске жететінін айтқан еді. 

"Жақсы жекпе-жек. Бұл жерде мәселе "Канело" Головкиннің ырғағына тойтарыс бере ме? Меніңше, жоқ. "Канело" жекпе-жек басталғанда GGG-ді таңғалдыра ала ма? Мен соңғы раундтарда Головкиннің жеңісіне тігемін", - деп жазды Чавес Twitter желісіндегі парақшасында.

Осы нұсқаны Головкиннің 2015 жылғы қарсыласы Мартин Мюррей де ұстанады. Ұлыбританиялық боксшы қазақстандық боксшының жойқын соққысын еске алған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети