06 ақпан 2018 13:45

Мэнни Пакьяо шаршы алаңға қашан оралады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ThePerson © ThePerson

Мэнни Пакьяоның (59-7-2, 38 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум филиппиндік боксшы шаршы алаңға 14 сәуір күні Нью-Йорк қаласында оралатынын айтты, -деп хабарлайды Vesti.kz.

39 жастағы Пакьяо Теренс Кроуфорд пен жартылай орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Джефф Хорн арасында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.

"Біз қазір төрт боксшымыздың келісімшартымен жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде Кроуфорд пен Пакьяо да бар. Барлық жұмыс жақсы жүріп жатыр", - дейді Арум latimes.com порталына берген сұхбатында.

Пакьяоның келесі келесі қарсыласы 37 жастағы америкалық боксшы Майк Альварадо (38-4, 26 КО болуы мүмкін. Бірақ бұл әлі нақты ақпарат емес.

Еске салайық, Пакьяо соңғы кездесуінде 2017 жылдың шілдесінде Аустралияда Хорнмен өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалған. Алда филиппиндік боксшы Хорн мен Кроуфорд арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуі де мүмкін деген әңгіме бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети