"Астана Арланс" клубының бұрынғы боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев-Уорд жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол 19 қарашада Лас-Вегаста кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Мейірім Нұрсұлтанов америкалық 26 жастағы Монреко Голдстанмен кездеседі. Монреко Голдстан кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңіліске ұшырамаған: 5 рет жеңіске жетіп, бір рет тең есеппен кездесуді аяқтаған. Айта кетейік, боксшылардың жекпе-жегі 19 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Кештің басты кездесуі ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уордтың арасындағы жекпе-жек болмақ. Боксшылар үш белбеуде жұдырықтасады - WBA (Super), IBF және WBO.
Еске сала кетейік, орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов осыған дейін қазақстандық "Астана Арланс" клубында өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық боксшы Монреко Голдстанмен өтетін жекпе-жекке Роберт Гарсияның жетекшілігімен дайындалған. Сонымен қатар, америкалық маман тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевпен жұмыс істеп жатыр. Ол рингке шамамен 26 қарашада оралуы мүмкін.