Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер бокстан кеткеніне қарамастан өзін ММА алаңында сынап көргісі келетінін айтты. Әрине тегін емес, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер бокстан кеткеніне қарамастан өзін ММА алаңында сынап көргісі келетінін айтты. Әрине тегін емес, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"іздер осы уақытқа дейін, менің ақшаны жақсы көретінімді байқаған шығарсыздар. "Мани-Мэй". Олар таяуда ғана маған қоңырау шалып, маған қайтып оралуымды сұрады. Егер мен қаласам, қазірдің өзінде-ақ UFC ұйымына бара аламын. Мен октагонда төбелесе аламын. Тор ішінде 3-4 жекпе-жек өткізіп, миллиард доллар табыс табуыма болады. Сіздер мынаны біліңіздер, мен Флойд Мейвезермін, лақап атым "Ақша". Сіздер мені осындай болғаныма қарамастан жақсы көресіздер, ал мен сіздерді жақсы көремін", - деп жазады vringe.com. Мейвезердің сөзін.
Еске салайық, Мейаезер бокс шаршы алаңында 50 жекпе-жек өткізді, барлығында да жеңіске жетіп, 27 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 27 тамызда ол спорттық мансабындағы ең соңғы жекпе-жегін UFC жұлдызы Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, оныншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.