Мейвезер Головкинмен жұдырықтасу үшін бір ғана талап айтты

25 Наурыз 2016, 10:29
0
Мейвезер Головкинмен жұдырықтасу үшін бір ғана талап айтты - Флойд Мейвезер. © businessinsider.com
Флойд Мейвезер. © businessinsider.com

Бес категория бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық боксшы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) BA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда Мейвезер Головкинге бір талап қойды. Ол - қазақстандық оның отандасы, WBA тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уордты жекпе-жекке шақырып, жеңуі керек.  "Головкинге менімен жұдырықтасу үшін Андре Уордты жеңуі керек екенін айтқанмын. Бірақ оның әлі күнге Андре Уордты жекпе-жекке шақырғанын көрмедім", - деді Мейвезер FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Ал Головкин болса Мейвезермен жұдырықасуға дайын екенін талай мәлімдеген. Бірақ Мейвезер өткен жылдың қыркүйегінде мансабының аяқталғанын жария етті. Айта кетейік, 33 жастағы қазақстандық боксшы мен 25 жастағы Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Бұл GGG үшін кәсіпқой бокстағы 35-ші жекпе-жек болмақшы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай