Америкалық промоутер Боб Арум салмақ категориясына қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде бұрын бірінші орында тұрған Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық файтер Конор МакГрегорды бокс ережесімен өтетін жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп есептейді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Мейвезер - қорғаныстан бастап шабуылға шығатын боксшы, ол көп соққы жасамайды, қорғануға ғана тырысады. Ол өте жақсы боксы. Меніңше, Мейвезер басымдығын көрсетіп, МакГрегорды нокаутқа түсіреді", - деп келтіреді Арумның сөзін BoxingScene.
Боб Арум
Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.