07 қараша 2016 13:24

Мейвезер мен Пакьяо реваншы Головкин - Альварес жекпе-жегін көлеңкеде қалдырады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tofight.ru © tofight.ru

Boxingnews24.com порталының шолушысы Эрик Болдуинның ойынша, америкалық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо реваншы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін көлеңкеде қалдырады.


Boxingnews24.com порталының шолушысы Эрик Болдуинның ойынша, америкалық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо реваншы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін көлеңкеде қалдырады.

"Мейвезер мен Пакьяо бокс әлемінде бұрынғыдай даңқты болмаса да, олардың атағы бәрібір де GGG мен "Канелодан" асып түседі", - дейді шолушы.

Golden Boy Альваресты pay-per-view (ақылы көрсетілімдер) бойынша ең мықты боксшы деп таныды, алайда ол Мейвезер мен Пакьяоның дәрежесіне жетпеді.

Мейвезер мен Пакьяо GGG мен "Канелоға" қарағанда АҚШ-та ең танымал боксшылар, сондықтан да олардың реваншы PPV бойынша көп қаражат түсіреді.

Мейвезер Пакьяоның Джесси Варгаспен жұдырықтасқан соңғы жекпе-жегін көрген. Осыдан кейін фанаттар оның Мэннимен шығу үшін боксқа қайтып келетінін айтқан. Алайда Top Rank басшысы Боб Арум мұның тек қауесет екенін мәлімдеп, бұлай болмайтынын айтты. Алайда не боларын ешкім нақты білмейді. Мейвезер жақсы қаражат үшін шаршы алаңға шығуы да мүмкін. 

"Егер келесі жылы Пакьяо мен Мейвезер жекпе-жек ұйымдастырылатын болса, Головкин мен Альварестің ондай деңгейдегі жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндіктері де атақ даңқтары да жетпейді", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, америкалық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо 2015 жылы мамырда жұдырықтасып, Флойд ұпай санымен жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети