Невада штатының Атлетика комитеті америкалық боксшы Флойд Мейвезер мен ирландиялық боксшы Конор МакГрегордың Лас-Вегаста өткізген жекпе-жектері үшін қанша гонорар алатынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Yahoo журналисі Маркус Вандерберг Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, Мейвезер 100 миллион доллар, ал МакГрегор 30 миллион доллар алады. Бұл соманы боксшылар міндетті түрде алады, жекпе-жек нәтижесіне қарамастан. Бірақ бұл сомаға бонустар мен ақылы трансляциядан (pay-per-view) түсетін қаражат қосылмаған екен. Осыған байланысты боксшылардың гонорары көбеюі мүмкін.
Here's the purse info from the NSAC. Floyd getting 100 million, Conor getting 30 million. #MayMac pic.twitter.com/twvBE2WGnE
— Marcus Vanderberg (@marcowill) 26 августа 2017 г.