18 мамыр 2017 14:15

Мейвезермен жұдырықтасу үшін МакГрегор келісімшартқа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MMAPUNCH.ru © MMAPUNCH.ru

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізу үшін келісімшартқа қол қойғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізу үшін келісімшартқа қол қойғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маған Zuffa LLC, The Ultimate Fighting Championship және Paradigm Sports Management секілді менің әріптестеріммен бұл рекордтық келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын. Бұл тарихи және маңызды оқиғаға қол қойып, келісімімді бердім. Бұл іспен айналысқан барлық әріптестерімді құттықтаймын. Енді Эл Хэйманмен оның боксшысының (Флойд Мейвезер - ред) қол қойғанын күтеміз", - деп хабарлайды МакГрегордың ресми сайты themaclife.com.

15 мамыр күні UFC президенті Дана Уайт МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесудің барлық шарттары келісілгенін мәлімдеді. Business Insider порталының мәліметі бойынша, бұл кездесуді үшін ирландиялық спортшы 75 миллион доллар, ал америкалық боксшы 100 миллион доллар көлемінде сыйақы алады екен.

МакГрегор мен Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы ең алғашқы ақпараттар 2016 жылы пайда болған еді. Ол кезде тіпті жекпе-жек үшін 10 маусымда Лас-Вегастағы спорт кешенін жалдап қойғаны да хабарланған.

Ал жуырда UFC президенті МакГрегор мен Мейвезер арасындағы жекпе-жекті 16 қыркүйекте өткізуді жоспарлағанын айтты. Бірақ кейіннен бұл күнде мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек өтетіні белгілі болды.

40 жастағы Мейвезер кәсіпқой бокс шаршы алаңында 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның америкалық боксшы 26-да қарсыластарын нокаутқа жіберген. Конор МакГрегор болса ММА ережесі бойынша 24 кездесу өткізіп, 21 кездесуде жеңіске жетсе, үшеуінде жеңіліп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети