Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды Фредди Роуч пен Мигель Котто. © ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин соңғы жекпе-жегінде өзінің сырын білдіріп қойды. Абайлау керек. Геннадий - жақсы панчер, бірақ ол сол кезде қалжырап қалды. Бәлкім ол денеден соққы алғанды ұнатпайтын шығар. Әрбір боксшының кемшілігі болады", - деді Роуч FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети