ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қанат Исламға және осы бокс кешінде бақ сынайтын басқа да боксшыларға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрдің Facebook желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қанат Исламға және осы бокс кешінде бақ сынайтын басқа да боксшыларға сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрдің Facebook желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап.
Министр өзінің жазбасында былай деген:
Қымбатты достар!
Талантты боксшымыз Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды. Бокс кешін "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі. Оның өзге елдегі зор мүмкіндіктерден бас тартып, атажұртына оралуын, сонымен қатар еліміздің атағын шығаруға талпынуын үлкен азаматтық деп білемін.
Осындай намысты жігіттеріміздің арқасында Қазақстан әлемге танылуда. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтына, спортқа құлшынуда.
Осының барлығы - биыл 25 жылдығын атап өткелі отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі.
Қанатқа және осы кеште бақ сынайтын басқа да боксшыларымызға сәттілік тілеймін!
Бүгін баршамыз бір кісідей спортшыларымызға қолдау көрсетейік.
Еске салайық, 29 қазанда "Алматы Аренада" өтетін Ислам мен Аллотей кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Андеркартта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы, Жаңқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шарибаев және Айдос Ербосынұлы шығады. Бұл шараны "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, көрсетілім - Астана уақытымен 18.00-де басталады.