Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кімнің ұйымдастырып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кімнің ұйымдастырып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
"9 қыркүйекте Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді. Оның промоутерлік компаниясы осы кешті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеш "Сарыарқа" кешенінде болады", - дейді министр EXPO-2017 аясында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған Астанадағы арнайы конференция барысында.
"Барлығын Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру қызықтырып отыр. Министрлік - бұл орындаушы. Барлық елде солай. Бұл кешті ұйымдастыру бойынша барлық рұқсатты Кәсіпқой бокс федерациясы береді. Қазір федерация президенті Ерлан Бекхожин кешігіп жатыр, оны сөзсіз қалдырмайын", - деп аяқтады Мұхамедиұлы.
Еске салайық, Астанада Қанат Ислам мен қазақстандық өзге де белгілі боксшылар қатысатын үлкен бокс кеші қыркүйекте өтеді. 32 жастағы Қанат Ислам бұл жекпе-жек атақ үшін болады деген сенімде. Осы кештің тағы бір жұлдызы бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін.
Айта кетейік, Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесуден кейін, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деген сыбыс шықты. Ол маусымға белгіленді деген болжам айтылды, алайда, бұл жекпе-жектің мән-жайы әлі белгісіз.