1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Нағыз жыртқыш". Ұлыбританиялық чемпион Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокста Ұлыбританияның екі дүркін чемпионы Дензел Бентли (16-1-1, 13 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион қазақстандық

©worldboxingnews.net/

Кәсіпқой бокста Ұлыбританияның екі дүркін чемпионы Дензел Бентли (16-1-1, 13 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Әлімханұлы 22 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, "уақытша" әлем чемпионы атанған.

"Мәссаған, "Қазақ стилі" (Әлімханұлының лақап аты - авт.) - нағыз жыртқыш. Тамаша жекпе-жек, чемпион! Келесіде сенімен рингке шыққым келеді. Осыны ұйымдастырайық" - деп жазды Бентли Twitter-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!