Назарбаев Головкин - Альварес кездесуін қайда көретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Головкин - Альварес кездесуін қайда көретінін айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Бұл қазақстандықтар үшін ірі шара. Бұл оқиға барлығын теледидардың алдына жинайды. Біздің жерлесіміз GGG қиратады. Бұл кездесу өте маңызды, мексикалық Сауль Альварес - өте танымал, жоғары санаттағы боксшы. Бұл жекпе-жек барлығына мүмкіндік береді, біз Головкиннің жеңетініне сенеміз, ол кәсіпқой бокстағы орта салмақта король атанады. Мұхамед Әли, Тайсондармен теңеседі. Ол үшін бұл өте маңызды. Барлығымыз оған сәттілік тілейік", - деді Назарбаев Ақордада өткен баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап бере отырып.

"Ол кезде мен көрші елде боламын, алайда жекпе-жекті міндетті түрде көремін. Барлығымыз оған жанкүйер боламыз", - деді Президент.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Қазақстан Президенті Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ашхабадта өтетін V Азия ойындарында болады.

Астана уақыты бойынша Головкин мен Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекте, жексенбіде таңғы уақытта болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети