06 желтоқсан 2019 | 16:50

Небәрі 8 жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы келесі кездесуінде екі белбеуін қорғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Жаңабаев. Суреттті боксшының командасы ұсынды Нұрсұлтан Жаңабаев. Суреттті боксшының командасы ұсынды

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінде жартылай орта салмақта екінші дәрежелі IBF Australasian белбеуі сарапқа салынады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жегінде жартылай орта салмақта екінші дәрежелі IBF Australasian белбеуі сарапқа салынады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы Аустралиядағы соңғы жекпе-жегінде жергілікті Стив Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, IBF Pan Pacific титулын иеленген. Ұйым ережесі бойынша бұл белбеу тек Океания елдерінде ғана сарапқа салынатын болғандықтан, оны IBF Australasian титулына ауыстырылды.

"Арам әдістер қолданды". Сарапшы WBA, WBO және IBF титулдарын біріктірген қазақ боксшысының жеңісіне күмәнданды

Сонымен бірге, Жаңабаев өзіне тиесілі WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулерін қорғайды. Жекпе-жектің өзі 31 желтоқсан Ресейдің Краснояр қаласында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО).

Айта кетейік, Красноярдағы шоудың басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA және IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Денис Лебедев (32-2, 23 КО) оңтүстікафрикалық Табисо Мчунумен (21-5, 13 КО) жұдырықтасады. Бокс кешінің андеркартында супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) да жекпе-жекке шығады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети