04 қараша 2019 | 09:17

"Неге шықпасқа?". Ковалевті оңдырмаған Альварес Головкинге шарт қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Канело Альварес Сергей Ковалевті жеңгеннен кейінгі сәт © instagram.com/canelo Сауль Канело Альварес Сергей Ковалевті жеңгеннен кейінгі сәт © instagram.com/canelo

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін орта салмаққа оралуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Sports.ru


Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін орта салмаққа оралуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Sports.ru

"Залдағы барлық көрерменге алғыс айтамын. Бұл - карьерамдағы кезекті қадам. Бұл менің хикаям. Шыдауларыңызды сұраймыз, Канело тарихта өз атын жазып жатыр. Уәде беремін. Жекпе-жекке кірісіп кету үшін маған бес немесе алты раунд қажет болатынын білгенмін. Ковалевке құрметім зор. Ол - ұлы боксшы, бірақ кеш басталған кездесудің жоспарын орындадық. Жетістікке жеттік. Орта салмаққа оралуды жоспарлап отырмын, бірақ әзірше демаламын. Әрі қарай қандай мүмкіндік болатынын қарай жатармыз. Ірі жекпе-жектерді қалаймын. Мексикаға талай жеңіс сыйлағым келеді", - деп мәлімдеді мексикалық.

Сонымен қатар, Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді. 

"Осыған дейін айтқанымдай, бұл маған сын емес. Онымен 24 раунд жұдырықтастым, жеңдім, осымен бітті. Алайда жақсы бизнес-ұсыныс болса, неге шықпасқа?", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saul Alvarez (@canelo)

Канело - Ковалев кездесуінің төрешілер қойған ұпайларының суреті жарияланды

Ал ресейлік жеңілуінің себебі деп төзімі жетпеуін атап, карьерасымен қош айтпыспайтынын мәлімдеді. 

"Жақсы тәжірибе болды. Канело - ұлы чемпион. Соңғы жекпе-жегімнен кейін қалыпқа келуіме уақыт аз болды, бірақ бәрі ойдағыдай. Альвареске құрметім зор. Ол тарихта атын қалдырды, оған қолдау білдіргені үшін рақмет. Бапкер жиі джеб ұруым керегін айтқан, бірақ төзім жетпеді. Бәрі орнында, титулдарды біріктіру үшін ораламын. Біріккен жекпе-жек жасағым келеді, бірақ жартылай орта салмақта ешкім менімен шыққысы келмейді", - деді Ковалев кездесуден кейін.

Еске салайық, АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) жеңілген еді. Кештің басты кездесуі 11-раундта мерзімінен бұрын аяқталып, мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Статистикаға қарасақ, мексикалық кездесу бойында 345 соққы жасап, оның 133-і нысанаға тиген, бұл 38,6 пайыз дәлдік. Ресейлік болса Канелоға 745 соққы жасап, оның 115-і ғана дәл тиген (15,4 пайыз).  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети