Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Нұр Отан" Головкиннің кандидаттар тізіміне қосылуынан заңбұзушылық көріп отырған жоқ

03 Ақпан 2016, 16:11
2
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Нұр Отан" партиясының өкілдері Геннадий Головкиннің мәжіліске кандидаттар тізіміне қосылуынан заңбұзушылық көріп отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ОСК Мәжіліс сайлауына "Нұр Отан" партиясынан үміткер болып шыққандардың тізімін тіркеді. Партия төрағасының бірінші орынбасары депутаттыққа үміткерлердің куәліктерін алды.  

Баспасөз мәслихаты кезінде партия төрағасының бірінші орынбасары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Ол алдағы "Геннадий Головкин көп уақытын шетелде өткізсе сайлау кампаниясына қатыса ала ма, жоқ па" деген сұраққа жауап қатты. 

"Мұнда ешқандай да заңбұзушылық жоқ. Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының азаматы. (...) Оның жаттығулар мен жиындар үшін шет елдерге кетуі партия тізіміне қосылуына еш кедергі емес. Бұл заңбұзушылық емес. Ол ҚР азаматы, Қазақстанда тіркелген. Геннадий Головкинді партия тізіміне қосу немесе қоспаудан бұрын заңгерлер осының барлығын қарап шықты. Заңгерлер мұнда заңнаманың, ҚР сайлау заңнамасының бұзылмағанын айтып отыр", - деді Асқар Мырзахметов.

Айта кетейік, Қазақстан Парламентінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген. Парламенттің төменгі палатасына және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауын өткізуге 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге қажет.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай