HBO телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресті 5 мамырда өтетін рематчта жеңу үшін не көмектесе алатынын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
HBO телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресті 5 мамырда өтетін рематчта жеңу үшін не көмектесе алатынын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
"GGG-ға бапкері (Абель Санчес) не айтса, соны істеуге тура келеді - мексикалық стильде жұдырықтасу керек, бірақ Головкинде әлі де шығысеуропалық стиль басым. Оған расында да мексикалық стильде жұдырықтасу қажет, қарсыласын арқанға тіреп, жібермеу керек, әрине, егер GGG жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтағысы келсе", - деді Келлерман First ESPN арнасына берген сұхбатында.
"Головкин мен оның бапкері Абель Санчес олардың стилі "мексикалық" екенін жиі айтады, бірақ мұның алдында 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен "Канелоға" қарсы жекпе-жегінде Головкин кіші-Мейвезердің стилінде жұдырықтасты. Ол тәсіл жекпе-жектің екі төрешісін таңғалдыра алмады. Оларға Головкиннің таза боксерлік стилі ұнаған жоқ", - деп талқылады бокстың өзге сарапшылары.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.