НВО аналитигі Альваресті жеңу үшін Головкинге не істеу керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

НВО аналитигі Альваресті жеңу үшін Головкинге не істеу керегін айтты © Boxingnews24.com

HBO телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресті 5 мамырда өтетін рематчта жеңу үшін не көмектесе алатынын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

HBO телеарнасының комментаторы әрі аналитигі Макс Келлерман қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альваресті 5 мамырда өтетін рематчта жеңу үшін не көмектесе алатынын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

"GGG-ға бапкері (Абель Санчес) не айтса, соны істеуге тура келеді - мексикалық стильде жұдырықтасу керек, бірақ Головкинде әлі де шығысеуропалық стиль басым. Оған расында да мексикалық стильде жұдырықтасу қажет, қарсыласын арқанға тіреп, жібермеу керек, әрине, егер GGG жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтағысы келсе", - деді Келлерман First ESPN арнасына берген сұхбатында.

"Головкин мен оның бапкері Абель Санчес олардың стилі "мексикалық" екенін жиі айтады, бірақ мұның алдында 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен "Канелоға" қарсы жекпе-жегінде Головкин кіші-Мейвезердің стилінде жұдырықтасты. Ол тәсіл жекпе-жектің екі төрешісін таңғалдыра алмады. Оларға Головкиннің таза боксерлік стилі ұнаған жоқ", - деп талқылады бокстың өзге сарапшылары.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети