Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы BoxRec.com басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы BoxRec.com басылымына сілтеме жасап.
Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, сондай-ақ, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті.
Нью-Йорк штатының атлеттер комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттетті. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлеттер комиссиясы шеттеді.
Әзірше себебі белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін.
Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет ұпай санымен мексикалық Анхель Саринаннан жеңіліп қалды.
Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті, ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан уақытынан бұрын жеңіліп қалған еді.
Рахманқұлов пен Тәжібай шаршы алаңға сәуірде шығып, екеуі де жеңіске жеткен еді.