Мексикалық Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альвареспен болған жекпе-жек жайында өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Мексикалық Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альвареспен болған жекпе-жек жайында өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Лас-Вегаста өткен жекпе-жек толық 12 раунд болып, "Канело" төрешілер шешімімен басым түсті.
"Жекпе-жек бойы мені сабады. Белсенді болды, жекпе-жекті жақсы өткізді. Ол ринг шетіне кеткенде жұдырықтасуға тырыстым. Көбірек соққы жасау керек болдым. Бірақ тағы ашылсам бұдан көп соққы жер едім.
Басқа жекпе-жектерде жылдам болдым, мына кездесуде олай болмады. Ол өте жылдам. Өте мықты боксшы. Ол менің соққыларымды сезбеген сияқты болды. Жиірек ұруым керек еді", - дейді Чавес "Канело" туралы.
Ал "Канело" өз кезегінде Чавесті ұлы боксшы деп есептейтінін айтады.