"Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр". Журналист қазақстандық боксшылар жайлы

23 Мамыр 2018, 13:40
0
"Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр". Журналист қазақстандық боксшылар жайлы - Геннадий Головкин. © Reuters
Геннадий Головкин. © Reuters

The New York Times газетінің журналисі Кен Белсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында АҚШ-та кәсіпқой бокс нарығында болашақта кімдердің көш бастайтыны жайлы айтты. 

"Қазір Қазақстаннан шыққан боксшыларға қарайықшы. Геннадий Головкинмен шектеліп қалмайық. Ол осы жолды жүріп өткен бірінші адам. Талантты спортшыларға жол ашқан адам. Қазақстаннан шыққан басқа да боксшылар жайлы айтар болсақ. Олар америкалықтар көргісі келетін боксты ұсынып жүр. Америкалық көрермен созбақтап жүріп алатын боксшылардан шаршады. Бізге шоу керек. Ол жарқын болса, жақсы сатылады.

"Сіздер бізге "джентельмен" Головкинді, құпиялы Қанат Исламды, енді міне Олимпиада жұлдызы - Данияр Елеусіновті бердіңіздер. Егер біз Головкиннен не күтерімізді білетін болсақ, қалғаны біз үшін әлі жұмбақ күйде қалып отыр. Болашақта Қазақстаннан және ТМД-дан шыққан боксшылар АҚШ-тағы бокс нарығында көш бастайтыны анық. Менеджерлердің боксшыларға ұсыныс тастауына қарап көріңіздер!

Ай сайын есімі түсініксіз қазақстандық боксшы мен америкалық промоутермен келісімшарт жасасып жатқанын көріп жүрміз. Мен сияқты қарапайым фанаттар үшін мұндай жаңашылдықтар қызықтырады", - деді Белсон. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста 63 қазақстандық белсенді түрде өнер көрсетіп жүр. Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Әли Ахмедов, Батыр Жүкембаев, Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеев сынды отандастарымыз АҚШ-тың бокс нарығында өзін көрсете білді.

Осы тізімге Олимпиада жүлдегерлері Иван Дычко мен Данияр Елеусіновтер кірді. Әзірге әлем чемпионы атағы тек Головкинде. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай