15 тамыз 2014 | 20:12

Олимпиада жүлдегерлері Идрисовтың қазасына байланысты өз ойларын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Елеуов. ©kfb.kz Серік Елеуов. ©kfb.kz

Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты өз ойларын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты өз ойларын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Идрисовтың қазасы өте қайғылы жағдай екенін айтты. "Боксшының ахуалын әрбір дәрігер дөп басып айта алмайды. Кез-келген боксшы соққы жіберіп алуы мүмкін. Бұл спорт, ал спортта түрлі жағдай болуы мүмкін. Керек десеңіз басына тиген доптың соққысынан футболшының да миы шайқалуы ықтимал. Эмильдің бокстан қаза тапқаны өте өкінішті. Спорттың бір түрі ретінде, бокс үшін бұл қайғылы жағдай", - дейді ол. 

Ал 2004 жылғы Афины Олимпиадасының қола жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Елеуов бокстан Қазақстан чемпионының қаза болғаны үшін жауапкершілікті бірінші кезекте бапкер өз мойнына алу керек дейді. "Менің тәжірибемде жекпе-жек дәл осылай аяқталған кез ешқашан болмаған. Иә, ауыр нокауттар болды, бірақ ол кезде боксшылар тұрып жатты. Мұндай жағдай қалай орын алғанын әуелі бапкерінен сұрау керек. Ол боксшымен қанша уақыт жұмыс істеді, оның денсаулығын қалай бақылады, осыны анықтау қажет. Егер ол ауру болса, онда оған боксқа мүлде бармау керек еді", - дейді спортшы. 

Еске салайық, шілденің 5-күні Алматы облысының Үшқоңыр ауылында өткен Президент кубогы үшін додада Эмиль естен танып, құлаған болатын. Бұл турнирде ол өз салмағының анық фовариті еді. Турнир барысында спортшының денсаулығынан ешқандай да ақау байқалмайды. Ол тіпті қарсыласын нокдаунға да жіберген. Бірақ, дәл сол раундтан кейін ол есінен танып қалады.

Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз болып тұр. Айта кетейік, марқұмның туыстары жарыс өткен мәдениет үйінің іші ыстық болып, желдеткіштердің істемегенін айтып, шағымданды. "Егер ол шын мәнінде ауыру болса мұндай нәтижеге қол жеткізе алар ма еді? Ол 2013 жылғы Қазақстанның чемпионы. Егер расымен ол ауырған болса, онда 15 жасында мұнша бойшаң, денсаулығы мықты болмас еді", - деді "Жетінші арнаға" берген сұхбатында Эмильдің әкесі Яша Идрисов

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети