Оныншы раундта Головкинді нокаутқа түсіруге сәл қалдым - Альварес

© boxingscene.com

Екі салма? д?режесінде ?лемні? б?рын?ы чемпионы мексикалы? Сауль "Канело" Альварес  (49-1-2, 34 КО) орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) ?тетін екінші жекпе-жекке ?зірлеген жоспарларын б?лісті ж?не ол ?зіні? дайынды?ына ба?а берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес  (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін екінші жекпе-жекке әзірлеген жоспарларын бөлісті және ол өзінің дайындығына баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

"Қазір мен 30-40 пайызға дайынмын. Мен күнде жаттығамын, алайда жекпе-жек шындап дайындықты бастамадым. Алдын ала осы шоу, сұхбаттарды өткізіп болған соң, екі ай бойы дайындалумен боламын. Маған басқалай жұдырықтасып керек емес. Тек физикалық дайындық пен агрессияны шыңдау қажет. Мен оның төменнен ұрған уақытта қолайсыздық тудырғанымды байқадым. Мен оны сездім де, естідім де. Ал оныншы раундта оны нокаутқа түсіруге аз қалдым. Оның маған жұмсаған соққыларына қарағанда, мен оған көбірек қауіп төндірдім. Ол маған көп соққы жасады, бірақ оның ешқайсысы алаңдайтындай болмады.Екінші жекпе-жекте мен бірінші раундтан бастап агрессияға көшем. Бұл жолы ешқандай түсініспеушіліктің болғанын қаламаймын", - деп жазады BoxingScene.com Альварестің сөзін.

Реклама
Реклама

Осыған дейін мексикалық боксшы бірінші жекпе-жекте тең нәтиже шығарған төрешілердің шешіміне көңілі қалғанын айтқан еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама