"Орта салмақ патшасымын!". Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жеңуге дайын екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орта салмақ патшасымын!". Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жеңуге дайын екенін айтты Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кезекті рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тағы да айтамын. 160 фунтта мен патшамын. Бокстан хабары барлар біледі. Егер чемпиондарда сұрақ болса, жауабын рингте алады. Кімді болсын сабап беремін", - деп жазды Жәнібек Twitter-парақшасында. 

Әлімханұлы орта дивизион чемпиондарын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын. Қазіргі таңда бұл салмақта IBF және IBO белбеуі Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО), мексикалық Сауль Альваресте (53-1-2, 36 КО) WBA Super мен WBC Franchise титулдары бар, WBC амеркиалық Джермалл Чарлода (31-0, 22 КО), ал WBO белбеуі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО).

Жәнібектің өзінде екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде аргентиналық Гонсало Корионы нокаутқа түсірген (16-4, 6 КО) болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети