Қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздерде неге қатаң талабынан қайтпағанын түсіндірді.
Қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздерде неге қатаң талабынан қайтпағанын түсіндірді.
Тараптардың 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келісімдері ауыр өтті. Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді және оны HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.
Головкин жекпе-жекке қандай шартпен келіскені әзірге айтылмай отыр. Соңғы рет "Канелоның" командасы табысты 57,5-те 42,5 етіп бөлуді ұсынған. БАҚ мәліметінше, Головкин "үшінші тараптың" араласуымен табыстың 45 пайызын алуға қол жеткізген.
"Мен ұстанымымды өзгертпедім, 35 немесе 42,5 емес, 45 пайызы маған", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN. Жақсы келісімшарт, қуаныштымын. Бастапқыда 50-ге 50 сұрағанмын, бірақ, ойлана келе 55-те 45 жақсы келісім екенін түсіндім. Егер келісе алмағанда, біздің ары қарайғы жоспарымыз бар еді. Golden Boy мен Альварес менің талаптарымнан бас тарпайтынымды түсінді, бірақ, олардың осындай ұтымды келісімнен айырылу қаупі жоғарырақ болды. Алдымен тең бөлісуді сұрағанмын. Кейін ойланып, жарайды 45 болсын және бұл менің соңғы сөзім екенін айттым. Бұл менің соңғы ұсынысым. Қабылдаңдар немесе боссыңдар дедім. 45 пайызға келіскенім, мен өз бағамды білемін. Альварестің командасы да мұны біледі", - деп келтіреді қазақстандықтың сөзін LA Times.