"Өз құнымды білемін". Головкин Альвареске айтылған соңғы сөзі жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өз құнымды білемін". Головкин Альвареске айтылған соңғы сөзі жайында © AllBoxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздерде неге қатаң талабынан қайтпағанын түсіндірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек өткізу бойынша келіссөздерде неге қатаң талабынан қайтпағанын түсіндірді.

Тараптардың 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келісімдері ауыр өтті. Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді және оны HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. 

Головкин жекпе-жекке қандай шартпен келіскені әзірге айтылмай отыр. Соңғы рет "Канелоның" командасы табысты 57,5-те 42,5 етіп бөлуді ұсынған. БАҚ мәліметінше, Головкин "үшінші тараптың" араласуымен табыстың 45 пайызын алуға қол жеткізген. 

"Мен ұстанымымды өзгертпедім, 35 немесе 42,5 емес, 45 пайызы маған", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ESPN.  Жақсы келісімшарт, қуаныштымын. Бастапқыда 50-ге 50 сұрағанмын, бірақ, ойлана келе 55-те 45 жақсы келісім екенін түсіндім. Егер келісе алмағанда, біздің ары қарайғы жоспарымыз бар еді. Golden Boy мен Альварес менің талаптарымнан бас тарпайтынымды түсінді, бірақ, олардың осындай ұтымды келісімнен айырылу қаупі жоғарырақ болды. Алдымен тең бөлісуді сұрағанмын. Кейін ойланып, жарайды 45 болсын және бұл менің соңғы сөзім екенін айттым. Бұл менің соңғы ұсынысым. Қабылдаңдар немесе боссыңдар дедім. 45 пайызға келіскенім, мен өз бағамды білемін. Альварестің командасы да мұны біледі", - деп келтіреді қазақстандықтың сөзін LA Times.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети