23 наурыз 2019 | 11:17

Өзбекстандық бизнесмен AIBA президенті қызметін босататынын мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы AIBA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы AIBA сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен AIBA атқарушы комитетінің мүшелерін президент өкілеттігін жүзеге асырудан бас тартуға және міндетін атқарушы етіп ауыстыруға мүмкіндік беретін AIBA жарғысына және заңға тәуелді актілеріне сәйкес AIBA президенті қызметінен кетуді жоспарлағанымды хабардар еттім. Мен атқарушы комитет мүшелерін осы демалыс күндері телеконференцияға бұл мәселені талқылап, президент міндетін атқарушыны сайлау процесіне бастамашылық ету үшін шақырдым", - деді Рахимов.

Ол сондай-ақ, өзіне қарсы жалған айыптарды жоққа шығарып, олар "саяси уәжді өтірікке" негізделгенін мәлімдеді.

Рахимов 2018 жылдың қарашасында AIBA басшысы болып сайланған. Оған дейін АҚШ Қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау департаменті Рахимовты санкциялық тізімге енгізген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети