15 наурыз 2019 14:16

"Өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды" - Қадыров Головкин жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Телерадиокешені Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бүкіл әлем, әсіресе бокс фанаттары Головкиннің рингке қайтып оралуын күтіп жатқанда Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров ҚР Президентінің ТРК-не қазақстандық чемпион туралы пікірін бөлісті.

"Боксты бала кезімнен жақсы көретінмін, қазір де жақсы көремін. (...) Сіздерде тек бокс емес, дзюдо да жақсы дамып жатыр. Жалпы Қазақстанда спорт өте жақсы дамып жатыр, біз бақылап отырмыз. Спортшылар үшін қуанамыз. Сіздердің боксшыларыңыз - әлем чемпионы, ол өзін осындай деңгейге көтеру үшін бар жанын салды", - деді Рамзан Қадыров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Еске салайық, үш тұжырым бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стримингтік сервиспен мәміле жасады. Үш жылға арналған келісімшартқа сәйкес, Геннадий платформада алты жекпе-жек өткізуге тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети