Алматыда бокстан Президент кубогы басталды
Бүгін бірнеше салмақ дәрежесінде алғашқы електік жекпе-жектер өтті. Үш құрамда өнер көрсетіп жатқан Қазақстан боксшыларының ішінде жеңіліске ұшырағандары да бар.
Қазақстан қыздары Ресей құрамасын жеңді
Бокстан әйелдер арасындағы төрт ел турнирінде Қазақстан қыздары теңдессіз шықты. Боксшы аруларымыз бүгін Ресей құрамасын 7:2 есебімен тізе бүктірді.
07 маусым 2014
Бокстан WSB жобасына тағы үш ел қосылады
WSB-ның бесінші маусымына 15 елдің командасы қатысады. Бұл жобаға Қытай, Марокко және Венесуэла елдері қосылыпты. Жаңа маусым 2015 жылдың қаңтар айында басталады.
Галле рингінен бір ғана алтын бұйырды
Бокстан кіші әлем чемпионатына баланатын "Chemistry Cup" халықаралық турнирінің финалына төрт боксшымыз шыққанымен, Ілияс Сүлейменов қана жеңімпаз атанды.
Галле турнирінен төрт жүлде аламыз
Бокстан Галледе (Германияда) өтіп жатқан "Chemistry Cup" халықаралық турнирінде төрт боксшымыз жартылай финалға шықты. Яғни қоржында төрт жүлде бар.
30 мамыр 2014
Галледе екі боксшымыз жеңіп, біреуі ұтылды
Бокстан кіші әлем чемпионатына баланатын, Галледегі "Chemistry Cup" халықаралық турнирі басталып, оның ширек финалына бес боксшымыз шықты.