Пакьяо бокстан кетіп, саясатпен айналысуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пакьяо бокстан кетіп, саясатпен айналысуды жоспарлап отыр © boxingscene.com

Сегіз категория бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, 37 жастағы филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 КО) WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы америкалық чемпион Тимоти Брэдлимен кездесуінің мансабындағы соңғы жекпе-жек болатынын мәлімдеді. Боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек 9 сәуірде өтеді. Бұл туралы Vesti.kz спорт сайты хабарлады.

Бірнеше күн бұрын Пакьяо Philboxing.com басылымына берген сұхбатында Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) боксқа оралатын болса "зейнетке" кетуді кейінге қалдырып, қарымта кездесуге шығатынын мәлімдеді делінеді. 

"Мен ондай мәлімдеме жасаған жоқпын", - деп келтіреді Пакьяоның сөзін BoxingScene.com. - Тимоти Брэдлимен 9 сәуірде өтетін жекпе-жек соңғысы болады. Мен бокстан кетемін, себебі жаңа жұмысыма кірісуім керек". 

Еске салайық, Пакьяо саясат сахнасына шығуды жоспарлап отыр. Ол Сенатқа мамыр айында өтетін сайлауда жеңгісі келеді екен. Филиппиннің промоутері Боб Арум болса боксшыға мансап жолын аяқтау туралы шешім жасауға асықпауын ұсыныс отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети