Пакьяо: Мейвезер боксқа қайтып келемін десе, онымен жұдырықтасуға дайынмын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пакьяо: Мейвезер боксқа қайтып келемін десе, онымен жұдырықтасуға дайынмын Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо "ғасыр жекпе-жегінен" кейін. © boxingscene.com

Филиппин кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Филиппин кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) бүгін Эдриен Бронермен жұдырықтасып, титулдық белбеуін сақтап қалды.

"Мен спорттық мансабым аяқталмағанына сенімдімін. Мен оны Лукас Маттисемен өткен жекпе-жекте және бүгін дәлелдедім. Бокстағы жолым әлі де жалғасады. Мейвезерге шаршы алаңға қайтып оралсын деңіздер, біз қайтадан жұдырықтасамыз. Ол қайтып келемін десе, мен жұдырықтасуға дайынмын", - деді Пакьяо. 

Пакьо 2015 жылы жартылай орта салмақта WBC, WBO және WBA Super титулдары үшін Мейвезермен жекпе-жек өткізіп, жеңілістапқан еді. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети