17 қыркүйек 2017 | 12:28

Пакьяо, Ковалев және Теренс Кроуфорд Головкин - Альварес жекпе-жегіндегі сот төрелігіне пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэнни Пакьяо, Сергей Ковалев, Леннокс Льюис пен Теренс Кроуфорд және бокстағы басқа да танымал тұлғалар Головкин - Альварес жекпе-жегінің қорытындысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Мэнни Пакьяо, Сергей Ковалев, Леннокс Льюис пен Теренс Кроуфорд және бокстағы басқа да танымал тұлғалар Головкин - Альварес жекпе-жегінің қорытындысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Лас-Вегастағы жекпе-жек тең есеппен аяқталды. Бірақ қазақстандық боксшы барлық белбеуін сақтап қалды.

"Олар судьяларды Аустралиядан жіберген ба? #CaneloGGG", - деп жазды Пакьяо кездесудің қорытындысы шыққан соң. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін аустралиялық Джефф Хорнмен өткізгенін және жеңістің оның өз туған жерінде кездесу өткізген қарсыласына бергенін айтып өтті. Сондай-ақ, Пакьяо Головкинді мақтады.

Айта кетейік, жекпе-жектің қорытындысымен келіспеген боксшылардың қатарында Леннокс Льюис, Сергей Ковалев, Эрисланди Лара, Теренс Кроуфорд пен Билли Джо Сондерс бар.

"Головкин мен үшін осы жекпе-жектің жеңімпазы. Альварестің соңына дейін жұдырықтасқаны ұнады. Бүгін екеуі де жеңілді. Бірақ судьялардың шешімі күлкілі болды", - деп келтіреді Льюистің сөзін "Спорт-Экспресс" басылымы.

"Cудьялардың шығарғаны шешім емес. Бірақ бұл Вегас қой, таңғалатын ештеңе жоқ. Гена жеңіске жетті! Бұл спорт емес, таза бизнес. Кезекті қате шешім қабылданып отыр", - деп жазған Ковалев Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети