Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Пакьяо Мейвезермен қайта жұдырықтасуға келіссөздер жүргізіп жатыр

28 Қазан 2015, 09:07
0
© REUTERS
© REUTERS

Сегіз салмақ дәрежесінде бокстан экс-чемпион 36 жастағы филиппин Мэнни Пакьяо қазіргі уақытта 38 жастағы Флойд Мейвезермен қайта жұдырықтасуға келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Келесі қарсыластың кім болатынын әзірше білмеймін, бірақ біз Флойд Мейвезермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Пакьяо. 

Айта кетейік, осыған дейін Пакьяоның рингке келесі жылдың көктемінде оралатыны белгілі болған еді және осы жекпе-жек мансап жолындағы соңғы кездесу болады. Мейвезер болса қыркүйектегі жекпе-жегінен кейін мансабын аяқтаған, алайда таяуда оның рингке қайта оралатыны, тіпті 2016 жылдың мамырында жұдырықтасатыны жайлы мәлімет тарады. 

Еске салайық, филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезерден мамыр айында жеңіліп қалған болатын. Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай