Атақты боксшы Хулио Сезар Чавес Мэнни Пакьяоға Геннадий Головкинмен немесе Сауль Альвареспен жұдырықтасудың өліммен тең екенін мәлімдеді, себебі, оның пікірінше, филиппин 154 фунт салмақтағы жекпе-өткізудің өзіне шақ келмейді.

"Мэнни жұдырықтаса алатын салмақ 145 фунт, Варгаспен осы салмақта жұдырықтасты. Оның өзінде бұл салмақты жинай алмады. Енді келіп ол Головкинмен немесе "Канеломен" жекпе-жекке шығады дейді. Оның өлімін тілейтіндер солай деп жатыр", - деп келтіреді Чавестің сөзін boxingscene.com. Айта кетейік, осыған дейін Мэнни Пакьяо боксқа Головкин үшін оралғанын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, Лас-Вегаста жартылай орта салмақтағы (66,7 келіге дейін) WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін 6 қарашада өткен жекпе-жек Мэнни Пакьяо Джесси Варгасты жеңген болатын. Тартысты жекпе-жекте Филиппин боксшысы ұпай санымен жеңіске жетті (114:113, 118:109, 118:109).