10 қаңтар 2017 13:46

Портер рас айтады, Головкин Альваресті 50 жасында да жайратып салады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз белгілі бокс бапкері Кенни Портердің "Канело" Головкинді жеңе алмайды деген пікірімен келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кенни Портер бұл пікірін сұхбаттарының бірінде айтқан. 


Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз белгілі бокс бапкері Кенни Портердің "Канело" Головкинді жеңе алмайды деген пікірімен келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кенни Портер бұл пікірін сұхбаттарының бірінде айтқан. 

"Кеннимен (Портермен) келіспеске болмас, Головкин мен "Канело" жекпе-жегі өтер болса, GGG мексикалыққа қалай жұдырықтасу керектігін үйретіп жібереді. Меніңше, Golden Boy Головкиннің 50 жасқа келгенге дейін күтсе де, ол "Канелоны" жайратып салады. Головкин Альварес сияқты шектеулі, бір раундты да үздіксіз жұдырықтаспайтын, міндетті түрде арқанға асылып 1-2 минут тыныстап алатын боксшыны әрқашан да жеңе алады. "Канелоның" түбіне жететін де осы әдеті. Головкинмен жұдырықтасқан кезде нокаутқа түскің келмесе, арқан асылып тыныстаудың қажеті жоқ.

"Канелоның" Келл Бруктікіндей қорғаныс немесе боксшы икемі жоқ. Оның үстіне аяғы қысқа және баяу қозғалады. Ол Головкиннен Брук сияқты қаша алмайды. Егер "Канело" арқанға асылып тынығар болса, жекпе-жек бір, ары кетсе екі раундта аяқталуы мүмкін. "Канело" жекпе-жек басында Головкиннен ары жүргені абзал, өйткені қазақстандық күш жоғалтпай тұрып оны екінші Марко Антонио Рубио секілді нокаутқа түсіруі әбден мүмкін", - делінген мақалада. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылы болуы мүмкін еді. Дегенмен, мамыр айында мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартып, алғашқы орта салмаққа оралған. Дегенмен, екі тарап жекпе-жекті 2017 жылдың қыркүйегінде өткіземіз деген ауызша келіскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети