26 желтоқсан 2021 11:19

Промоутер 2022 жылы "Канелоның" қарсыласы кім болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмаққа ауысса, осы салмақта барлық белбеуді жеңе алатынына сенетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com порталына сілтеме жасап. 


Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмаққа ауысса, осы салмақта барлық белбеуді жеңе алатынына сенетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com порталына сілтеме жасап. 

"Ол өте мықты. Пандемия кезінде 12 айдың ішінде төрт кездесу өткізіп, бұған дейін жеңілмеген Каллум Смит, Билли Джо Сондрес және Калеб Планттан айласын асырып, әлемнің абсолют чемпионы атанды. Биыл біз оның төрт кездесуінің үшеуін ұйымдастыруға көмектестік. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да "Канелоның" айқастарын ұйымдастыруға көмектесеміз деп сенеміз. 

Енді "Канело" бесінші дивизионды - бірінші ауыр салмақты бағындыруды армандап жүр. Мен бұл туралы боксшының командасынан естідім. Менің ойымша, Саульдің бұл салмақты бағындыруға шамасы жетеді. Ол енді Дмитрий Бивол, Джо Смит және Артур Бетербиевпен кездесуі керек деп ойлаймын. Бір жылдың ішінде Альварес аталған үш боксшыны да жеңе алады деп сенемін. 

Ол қазірдің өзінде бокстың аңызына айналды. Дегенмен тарихты жаңарту үшін "Канело" бұдан да көп дүние істей алады. Оның үстіне Сауль мен оның бапкері Эдди Рейноса бұл туралы айтып жүр. Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болғанын елестетіп көріңізші. Сол кезде ол шынында да, бокс тарихының аңыз боксшылары арасында көш бастайды. Жуырда мен Рейносомен сөйлестім. Алдағы уақытта біз оларға ресми ұсыныс жасаймыз. Ал шешімді олар қаңтарда шығаратын шығар", - дейді промоутер.

Айта кетейік, әлі күнге дейін бокс жанкүйерлері "Канелоның" қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездесуін қалайды. Негізі, бұл боксшылар екі мәрте 2017 және 2018 жылдары кездескен. Бірінші айқас тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети