Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші кездесу өткізу не өткізбеу туралы бір шешімге келген секілді, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Головкин "Канелоның" шешімін күтіп жүрмейді және өзінің келесі жекпе-жегі бойынша жыл соңына дейін бір шешім шығарады.
"Геннадий Альвареспен жұдырықтасқысы келеді, алайда менің ойымша ол Альварестің шешімін күтіп жатпайды. Барлығы алдағы апталарда не болатынын байланысты. Ковалев - Альварес жекпе-жегіне небәрі үш апта қалды. Бірақ Головкин оны күтетін емес. Желтоқсанға дейін келесі жекпе-жекті шешу керек, сол себепті оның шешімі жде дайын секілді. Егер IBF ұйымы Головкинге белбеуді қорғауды міндеттейтін болса, онда GGG оған келісімін береді", - деді Хирн.
Осыған дейін, промоутер Головкиннің 29 ақпанға Чикагодағы (АҚШ, Иллинойс штаты) Wintrust Arena аренасына бронь қойғанын айтты. Қарсылас ретінде поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болған еді.