15 ақпан 2019 | 16:04

Промоутер Головкиннің DAZN-мен келісімшартының ұтымды тұстарын атады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото zimbio.com © фото zimbio.com

Dazn стримингтік спорт жүйесінің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкинмен келіссөздер туралы соңғы жаңалықтарды бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vringe.com сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Dazn стримингтік спорт жүйесінің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкинмен келіссөздер туралы соңғы жаңалықтарды бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vringe.com сайтына сілтеме жасап.

Көктемде рингке оралуды жоспарлап жүрген GGG әлі де жаңа телесеріктеспен келісімшартқа отырған жоқ.

"Геннадий Головкиннің бірнеше мүмкіндігі бар. Ол барлығымен, оның ішінде бізбен де келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол бізге қосылады деп үміттенеміз. Бізде ең үлкен платформа ғана емес, сонымен қатар, боксшылардың ең үлкен ростері де бар. Есімдеріне қараңыз. Бәріне мысық табандап келеміз", - деді Эдди Хирн.

Еске салайық, 2012 жылдан бастап Головкин 2018 жылдың соңына дейін бокс нарығынан кеткен HBO телеарнасының қолдауымен өнер көрсеткен болатын. GGG үшін соңғы келісім-шарт бойынша "Канеломен" екінші кездесу болды, онда қазақстандық төрешілердің шешімімен жеңіліп, спорттық мансабында бірінші рет жеңіліс тауып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.

Бұған дейін DAZN орта салмақтағы әлемнің барлық чемпиондарына қол қойды: бес жылда 365 миллион долларға рекордтық келісімшарт жасаған Сауль Альварес, сондай-ақ Деметриус Андраде пен Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети