Промоутерлер Головкин-Рамирес жекпе-жегін талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирес. © boxingscene.com Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирес. © boxingscene.com

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирестің (34-0, 24 КО) мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) арасында алда болуы мүмкін делінген жекпе-жегі бойынша келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто Рамирестің (34-0, 24 КО) мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) арасында алда болуы мүмкін делінген жекпе-жегі бойынша келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның айтуынша, Головкин мен Рамирес биыл қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін. Алайда бұл қазақстандықтың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізуге келісе алмаған жағдайында мүмкін болып отыр екен.

"Головкинмен жұдырықтасу - Рамирес үшін тамаша мүмкіндік. Егер ол Бурсакты жеңсе, біз шілдеде жекпе-жек өткіземіз, ал кейін Гильберто Головкинмен ("Канеломен" жұдырықтасуға келісе алмаса) кездеседі. Біз Том Леффлермен (Головкиннің промоутері) осы жекпе-жекті талқыладық", - деп келтірелі BoxingScene.com Арумның сөзін. 

22 сәуірде АҚШ-тағы Карсон қаласында Рамирес атағын қорғауы керек. Оған украин боксшысы Максим Бурсак (33-4-1, 15 КО) қарсы шығады. Мексикалықтың айтуынша, қазір оның бар ойы алдағы жекпе-жегі жайлы, ал жеңіске жетсе, үлкен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен. 

"Титулымды бірінші рет қорғау үшін жұдырықтасамын, 22 сәуірде. Ал одан кейін үлкен жекпе-жек өткізгенді қалаймын. Головкинмен немесе менің салмағымдағы кез келген чемпионмен. Головкин салмақ көтеруге дайын екенін айтқан. Менімен жұдырықтасқысы келсе - мен дайынмын. Халық осы жекпе-жекті қалап отыр, зор қуанышпен өткізер едім. Головкинмен жекпе-жекке бар шеберлігімді салуым керек. Мен үшін ауыр, бірақ жұртқа қызық болар еді деп ойлаймын. Головкин Джейкобсты нокаутқа түсіреді. Дэннидің шеберлігі мықты, соққы жасай алады, алайда жағы мықты дей алмаймын. Сондықтан GGG оны нокаутқа түсіреді", - дейді Рамирес. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro